Ақмоладағы жеке лагерьде оқушылар жаппай уланды: полиция істің мән-жайын анықтауда

Детский лагерь, летний лагерь, лагерь для детей, лагерь для подростков, лагерь для школьников, школьные каникулы, летние каникулы, подростки, школьники, дети, верховая езда, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 10:45 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысында мектеп оқушылары жаппай уланды. Төтенше жағдай Біржан сал ауданындағы жеке білім беру-сауықтыру орталығында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арна" ақпаратына сүйенсек, 9 бен 12 жас аралығындағы балалар түн ішінде Көкшетау мен аудан ауруханаларына жеткізілген. Балалардың айтуынша, бәрі бәліш пен балмұздақ жеген. Бурабайға экскурсияға барған. Қазір облыстық орталық ауруханада төрт бала ем алып жатыр, екеуі лагерьге қайтарылған.

Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, зардап шеккендер саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Белгілі болғандай, орталық – жыл бойы жұмыс істейтін тілдік лагерь. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Бұған дейін Жамбыл облысында мектеп жөндеуіне бөлінген 78 млн теңге бюджетке қайтарылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: