Атырауда жыл басталғалы 10 есірткі қылмысы анықталды

Фото: Zakon.kz
Атырау облысы полиция департаменті есіркі қылмысының алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстарды ұдайы жүргізіп келеді.

Жыл басталған бір айдың өзінде есірткі қылмысына байланысты 15 құқық бұзушылық, оның ішінде 10 қылмыс тіркелді.

Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 11 келіге жуық есірткі, оның ішінде ауыр есірткі санатына жататын 1,4 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Облыс көлемінде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде есірткінің фитозертханасын ұйымдастырған Атырау қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Одан 14 түп сора өсімдігі тәркіленіп, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жүргізілген жұмыс барысында есірткілік мас күйде автокөлік жүргізген екі тұлға анықталды.

Сондай-ақ жыл басынан бері есірткі тасымалдаушылар анықталды, оның беруі Ақтөбе қаласынан келген. Қала аумағында 10-нан астам есірткі сайттарын жарнамалайтын граффити жазба анықталып, жойылды. Қала аумағындағы барлық жарнамалар мен күдік тудырған QR-кодтар да ұдайы тексерілуде.

Күнделікті жүргізілген ғаламтор жүйесіндегі мониторинг арқылы есірткі жарнамалайтын 50 сайт анықталып, ІІМ-ге бұғаттауға жолданды.

Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жыл басынан бері облыс аумағында нашақорлыққа қарсы 74 нысаналы шара өткізілді, оның ішінде лекциялар, дөңгелек үстел, семинарлар, акциялар, мәдени-спорттық және басқа да шаралар жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар ұдайы департамент басшылығының бақылауында болады.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады