Тоқаев Мағзұм Мырзағалиевті өзінің кеңесшісі етіп тағайындады

Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мағзұм Мырзағалиевті өзінің кеңесшісі етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінің 2025 жылғы 13 ақпандағы мәлімдемесінде белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратта былай жазылған:

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген.

Білімі:

1999 ж. – "Тұран" университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген.

2003 ж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дипломатиялық академиясын "Халықаралық қатынастар саласындағы маман" мамандығы бойынша бітірген.

2010 ж. – Ш.Есенов атындағы Қаспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетін "Мұнай-газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша бтірген.

Еңбек жолы:

2001-2004 жж. – Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында MI Drilling Fluids International (Schlumberger) бұрғылау ертінділері жөніндегі инженері, АҚШ және Малайзияда тағлымдамадан өткен.

2004-2007 жж. – өндіру менеджері (MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының басшысы).

2007-2010 жж. – "ТеңізСервис" ЖШС бас директоры.

2010-2012 жж. – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жобалау сервистері бойынша басқарушы директор.

2012-2013 жж. – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ инновациялық даму және сервистік жоба жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылдың қазаны – 2014 жылдың тамызы – Қазақстан Республикасы мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылдың 13 тамызынан – 2019 жылдың 17 маусымына дейін – Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі.

2019 жылдың 17 маусымынан бастап – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

2021 жылдың 9 қыркүйегінен бастап ҚР энергетика министрі.

қаңтар 2022—сәуір 2022 — Қазақстан президентінің кеңесшісі.

2022—2024 — ҚазМұнайГаз төрағасы.

Бұған дейін бұл қызметті Болат Ақшолақов атқарған болатын.

Мырзағалиев Мағзұм
Молния
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды