Қарызға ет алып жүрген: Кентауда тұрғындарды 20 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысы Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысына қатысы бар 39 жастағы әйелді қолға түсірді.

Белгілі болғандай, күдікті әйел осыдан екі жыл бұрын ет сататын дүкеннің иесінен қарызға ет алып, ақысын бөліп төлеймін деп сендірген.

Алайда арада жыл өтседе ақшасын қайтармай із-түзсіз кеткен.

Тәртіп сақшылары жұмыссыз тұрғынның дәл осындай 5 алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады.

Яғни оларды да сан соқтырып, қарызға жіліктеп ет алған.

Айласын асырған әйел еттерді базарға апарып төмен бағада сатып, ақшасын жеке бас пайдасына жаратқан. Жәбірленушілерге 20 миллион теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда әйелдің ісі сотқа өтті.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды