Алматыда адамдарды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаптауды қолданған екі полиция қызметкеріне қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокуроры тергеп-тексерді.

2023 жылы 29 наурызда кінәлі полиция қызметкерлерінің туысының пәтерінде, жеткізілген азаматқа қатысты оған бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату мақсатында азаптаулар қолданылғаны дәлелденді.

Полицияның заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге тән азабы келтірілген.

Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыларға 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Сотталғандар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратураның ұсынуы бойынша қарамағындағылардың қызметіне бақылаудың жоқтығы және қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 10 полиция қызметкері, оның ішінде 5 құрылымдық бөлімше басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады