Достарымен кездесу үшін көршісінің көлігін заңсыз айдап кеткен жігіт қолға түсті

Фото: Zakon.kz
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері көлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен жас жігітті ұстады. Оқиға түнгі уақытта болған.

Жас жігіт көпқабатты үйлердің ауласында тұрған көршісінің автокөлігіне көзі түскен. ВАЗ көлігінің есігі ашық қалған соң, ол осы сәтті пайдаланып, рөлге отырған.

Содан көлікті оталдырып, достарына жетіп алу үшін айдап кеткен. Оқиға орнына жеткен соң, қиылыстардың бірінде автокөлікті қалдырып кеткен.

Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті дер кезінде анықтап, заңды иесіне тапсырды. Қазіргі таңда күдікті қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?