Ақтөбеде полиция интернет-алаяқтықпен айналысқан БҚО тұрғындарын ұстады

Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері наурыз айында Орал қаласында жедел іс-шаралар жүргізу барысында бірнеше алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынын ұстады.

Ұсталғандардың бірі ақпан айында Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшада төмен пайызбен несиелерді рәсімдеуге көмектесу қызметін ұсынғаны анықталды.

"Whatsapp" мессенджерінде хат алмасу барысында жас жігіт жәбірленушілерді алдап, ақшаларын заңсыз иеленген. Қазіргі уақытта күдікті жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар жедел іс-шаралар барысында ақпан айында OLX.KZ платформасын пайдаланып, алаяқтық жасаған күдікті әйел анықталды.

БҚО тұрғыны пәтерді жалға беретіні туралы жалған хабарлама орналастырып, "Whatsapp" мессенджері арқылы хат жазысу барысында жәбірленушіні толық алдын ала төлем жасауға көндірген.

Ақшаны алғаннан кейін әйел байланысты тоқтатқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстық әрекеттерге қатысының бар-жоғы да тексерілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты