Павлодарда полицелер жыл басынан бері ұсақ бұзақылықтың 216 фактісін анықтады

Фото: Zakon.kz
Ұсақ бұзақылық — қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың ең көп таралған түрлерінің бірі.

Әкімшілік заңнаманың бұл бабы әртүрлі заңсыз әрекеттердің кең спектрін қамтиды, олар қоғамды құрметтемеу мен тәртіпсіздікті білдіреді.

Мысалы Павлодар қаласында сапаржай маңындағы алаңда жедел басқару орталығының камералары темекі шегіп, темекі тұқылын жерге тастаған адамды тіркеді.

Тәртіп бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін полицейлер айыппұл салып, әкімшілік материал толтырды. Әрбір азамат өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, қоғам алдында жауапкершілігін сезінуі керек, тіпті ең кішігірім құқық бұзушылықтар да қоғамға зиян келтіреді.

Бұл "нөлдік төзімділік" қағидаты мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. "Заң және тәртіп" қағидатын басшылыққа ала отырып, әрқайсымыз "Таза Қазақстан" акциясын белсенді қолдап, дені сау, заңға бағынатын және қағидатты ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесімізді қоса аламыз.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды