Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын құрылғының сынықтары табылды

Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшатын құрылғының сынықтары табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын түсіндірді.


"Полиция мен уәкілетті қызметтер ұшқышсыз ұшатын аппараттың сынықтарына ұқсас объектілерді тапқаннан кейін тексеру жұмыстарын жүргізуде. Нысан шалғай аумақта, елді мекендерден алыс жерде анықталды".

Бұл облыста жақында ғана табылған үшінші нысан.

2025 жылдың 19 наурызында Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы даласында Атамекен ауылынан алыс жерде ұшқышсыз ұшақ табылды. Куәгерлердің айтуынша, нысанның ұзындығы шамамен үш метрді құраған, ал бүйірінде Геран-2 үлгісін көрсететін жазулар болған.

Ұқсас ұшақ 2025 жылдың 19 ақпанында облыстың Бөкейорда ауданы, Ұялы ауылы маңында табылған.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды