Шерзат Полат ісі: алғашқы сот отырысының уақыты белгіленді

Сурет: Zakon.kz
Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысының өтетін күні белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облыстық сотының хабарлауынша, алдын ала тыңдау 10 сәуірге сағат 12:00-ге белгіленген.

Ол Талдықорғандағы Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтуге тиіс.

2024 жылы 4 қазанда Алматы облысы Талғар ауданында әке-шешесінің көзінше 16 жастағы Шерзат Полат қандықол қылмыскерлер қолынан қаза тапты. Марқұмның туыстары әділ тергеу жүргізуді сұрап, көшеге шықты. 16 қазанда олардың үйі түгі қалмай өртеніп кетті. Полиция мұның қасақана от қою екенін растады. 9 қазанда Шерзат Полаттың ағасы өлі күйінде табылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ana tili газетіне берген сұхбатында Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың өлімі туралы айтты. 2025 жылы 27 ақпанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді