Орал қаласында зергерлік бұйымды тонады деген күдікпен ер адам ұсталды

Фото: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері ломбардтан алтын алқаны ашық түрде ұрлады деген күдікпен Бәйтерек ауданының 28 жастағы тұрғынын ұстады.

Күні кеше полицияға қаладағы ломбардтардың бірінің қызметкерлерінен қоңырау түсіп, белгісіз ер адамның сатып алушы ретінде кіріп, зергерлік бұйымды иемденіп кеткені хабарланды.

Ломбард қызметкері оған алтын алқаны көрсеткен кезде, күдікті оны жұлып алып, қашып кеткен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жетті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті "ізін суытпай" анықталып, ұсталды. Тергеу барысында оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тонау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс