Шерзат Полаттың соты бойынша іс ашық түрде өтуі тиіс - Бас прокуратура

Сурет: марқұм Шерзат Полаттың архивінен
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев 2025 жылдың 10 сәуірінде Сенат аясында Шерзат Полаттың ісі бойынша сот барысы Қуандық Бишімбаевтың ісіндегідей ашық түрде әрі тікелей эфирде өту мүмкіншілігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикер прокуратура ашықтықты қолдайтынын атап өтті.

"Менің деректерім бойынша, сот ашық режимде өтуі тиіс. Бірақ өздеріңіз білетіндей, отырысты ашық немесе жабық форматта өткізу туралы шешімді тек сот қабылдайды. Біздің ұстанымымыз – егер қылмыстың мән-жайында шектелетін ақпарат болмаса, ашықты қолдаймыз. Менің ақпаратым бойынша сот ашық болуы керек. Аздаған уақыт қалды, күтейік", – деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Еске салсақ, 2024 жылы 4 қазанда Алматы облысы Талғар ауданында әке-шешесінің көзінше 16 жастағы Шерзат Полат қандықол қылмыскерлер қолынан қаза тапты. Марқұмның туыстары әділ тергеу жүргізуді сұрап, көшеге шықты. 16 қазанда олардың үйі түгі қалмай өртеніп кетті. Полиция мұның қасақана от қою екенін растады. Ал, 9 желтоқсанда Шерзат Полаттың ағасы өлі күйінде табылды.

Бұл ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ana tili газетіне берген сұхбатында Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың өлімі туралы айтқан болатын. 2025 жылы 27 ақпанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.

Талдықорған
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты