Алматы облысында киберполиция ірі көлемдегі алаяқтықты әшкереледі

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы облысында киберполицейлер мемлекеттік грант алуға көмек көрсетемін деген сылтаумен азаматтарды WhatsApp мессенджері арқылы алдап келген әйелдің заңсыз әрекетін тоқтатты.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында Еңбекшіқазақ ауданында жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу барысында ол азаматтарды алдап, 5 миллион теңгеден астам қаражатты иемденгені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу аясында оның заңсыз әрекеттерінің 10-нан астам эпизоды тіркелді", – деп хабарлады киберполицейлер.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті барлық қажетті тергеу шарасын жүргізу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады.

Мемлекеттік органдардың атынан қаржылық көмек туралы күмәнді ұсыныстарға, әсіресе мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылатын хабарламаларға сенбеуге кеңес береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы