Қызылорда облысында жүк көлігі жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірді іліп кетіп, қиратты

Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ
Қызылорда облысында жүк көлігі KAZ-06 тас жолында жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірді іліп кетіп, қиратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 2025 жылы 16 сәуір сағат 15:00 шамасында Қызылорда облысындағы KAZ-06  - "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" тас жолының 1629-шақырымында болған.

"Қармақшы ауданы, "Қорқыт ата" кешені маңында SITRAK маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Қызылорда – Ақтөбе бағытымен қозғалып келе жатып, ірі габаритті жүктің тасымалдау ережесін бұзды. Салдарынан көлік жүгімен бірге жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірді соғып, оны толықтай қиратты", делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматының Алатау ауданында 14 сәуірде таңертең жол апаты болып, бір адам қаза тапқанын хабарлағанбыз.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік