Алматыда жол апатынан жолаушы қайтыс болды

Алматыда жол апатынан жолаушы қайтыс болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 14:53 Сурет: Zakon.kz
Алматының Алатау ауданында 14 сәуір күні таңертең жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Ұлжан 1 шағынауданында, Тәкежанов көшесінде болған. Zakon.kz тілшісінің айтуынша, Mercedes-Benz E-Класс көлігі солтүстік бағытта жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатқан.

Алматыда жол апатынан жолаушы қайтыс болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 14:53

Сурет: Zakon.kz

Қиылысқа жақындаған сәтте көлік жылдамдығын күрт баяулатқан. Мұны 50-60 м-ге дейін созылған көлік дөңгелектерің тас жолда қалған ізінен байқауға болады.

Алматыда жол апатынан жолаушы қайтыс болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 14:53

Сурет: Zakon.kz

Осылайша, көлік тоқтай алмай жол жиектемесіне соғылған. Артынша аударылған. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі жарақат алды. Ал, көліктің жолаушысы жедел жәрдем келгенге дейін есін біліп жатқан, алайда медқызметкелер оның оқиға орнында өлімін тіркеді.

Алматыда жол апатынан жолаушы қайтыс болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 14:53

Сурет: Zakon.kz

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мас күйде көлік басқарған. Сондай-ақ, көліктің алдынғы орындығынан ішімдіктің бөтелкелері, нан мен шұжық табылған. Зардап шеккен жүргізуші мен қаза тапқан жолаушының денесін көлік астынан құтқару қызметі алып шыққан.

Алматыда жол апатынан жолаушы қайтыс болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 14:53

Сурет: Zakon.kz

Қазір оқиға орнында жол полициясы, анықтаушы мен криминалист жұмыс істеуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: