Жезқазған – Петропавл автожолындағы жол апатынан екі адам мерт болды
Сурет: unsplash
Жезқазған – Петропавл автожолында болған жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 2026 жылғы 7 ақпанда "Жезқазған – Петропавл" автожолында болған. Shacman маркалы жүк көлігі мен Toyota Camry жеңіл автокөлігі соқтығысқан.
Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды.
Бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция департаменті жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жол жағдайын ескеру және көліктердің техникалық жағдайын бақылау қажет екенін ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript