Павлодар облысында жол апатынан екі адам мерт болды

полиция, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2024 13:16 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қаңтарда Екібастұз 1-МАЭС станцияға баратын көпірде Mitsubishi маркалы автокөліктің жүргізушісі Volvo маркалы автобусты басып озып, қарсы жолаққа шыққан кезде Audi жеңіл көлігімен соқтығысты. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы  жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Екінші жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады департамент.

Жол апатына қатысты ексеру жүргізіліп жатыр. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: