Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында Lexus пен КамАЗ соқтығысып, екі адам мерт болды

жол апаты Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында Lexus пен КамАЗ соқтығысып, екі адам мерт болды, көліктер автотұраққа қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 мамыр күні сағат 23.20-да Ленин - Курчатов тас жолында, Еңбек ауылының маңында Lexus RX-330 көлігі қарсы келе жатқан КамАЗ-5410 көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Lexus RX-330 қарсы жолақ арқылы шұңқырға аударылып кеткен.

"Lexus көлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен 36 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады ведомство.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз