Омбы-Майқапшағай тас жолында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам мерт болды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2023 12:16 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Абай облысында Омбы-Майқапшағай тас жолында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылы 6 қаңтарда сағат 14:00 шамасында Омбы-Майқапшағай тас жолында Қанөнер ауылы маңында "ВАЗ-2114" көлігінің 32 жастағы жүргізуші  рөлге ие бола алмай, жолдың қарама қарсы бетіне шығып өзге көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: