Маңғыстауда екі көлік соқтығысып, төрт адам қайтыс болды

Полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2022 16:05 Сурет: pixabay
14 қаңтарда кешке Ақтау-Жетібай тас жолында екі көлік соқтығысып, қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz

Lada.kz аймақтық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып, 14 қаңтарда сағат 20:30-да Ақтау-Жетібай тас жолының 46/47 шақырымында жол апаты болғанын хабарлайды. Ақтауға бағыт алған ВАЗ бен Jac автокөліктері соқтығысып, салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі, яғни "Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа механикалық көлік құралын басқаратын адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтыруы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша Мұнайлы ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу ісі қолға алынды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: