Түркістан облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам мерт болды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2022 22:01 Сурет: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі
Қайғылы оқиға Сарыағаш-Шымкент тас жолында орын алды. Автобуспен Audi 100 көлігі бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 14 сәуірде шамамен 19.00 уақытында орын алды.

13 сәуір сағат 19:00 шамасында Сарыағаш АПБ-ға Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы, аудандық полиция бөлімі және прокуратураның басшылығы шықты. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, сағат 19:00 шамасында 30-ға жуық жолаушысы бар Yutong автобусы Шымкент қаласы бағытына қозғалған. Осы сәтте қарсы беттен Audi 100 автокөлігі шығып, автобуспен соқтығысқан. Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ автобустың тағы төрт жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Сурет: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке басы анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: