Алматы облысында жеңіл көлік аударылып, жүргізушісі мерт болды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2022 20:46 Сурет: pixabay
11 тамызда сағат 9:20 шамасында Алматы – Бішкек тас жолында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Hyundai Solaris көлігін тізгіндеген 21 жастағы бойжеткен жолдың 142-ші шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылған.

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Қасындағы 24 жастағы жолаушы Ұзынағаш ауылының ауруханасына жеткізілді. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Облыстық полиция департаменті жүргізушілерге көлік тізгінінде болған кезде абай болу және жол ережелерін ескеру қажеттігін еске салады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: