Алматы облысында жолдан өтіп бара жатқан баланы көлік қағып, мерт қылды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2022 22:43 Сурет: Zakon.kz
Қайғылы оқиға 19 қыркүйекте сағат 18: 45 шамасында Талғар ауданында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Toyota Camry көлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жетіген – Алматы тас жолымен келе жатып, Жаңалық ауылында жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан 10 жасар баланы қағып кетті. Алматы облысының полиция департаменті

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмды.

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Талғар ауданы ПБ СДТБТ-де тіркелді.

Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: