Алматы облысында Lexus көлігі жолдан өтіп бара жатқан бірнеше жасөспірімді қағып кетті
![Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 22:55](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-ba4d8541-87dd-4278-a843-c5d781ba14ca/800x451.webp)
Lexus IS көлігі Шелекке қарай шығыс бағытта ағызып келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше кәмелетке толмаған ер бала мен қыздар жолдан өтіп бара жатқан. Lexus көлігі жоғары жылдамдықпен топ балаға соғылып, оның бірнешеуін ұшып түсірген.
Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі оқыс оқиға кезінде оқушылар мектеп автобусынан түсіп, жолды кесіп өтіп бара жатқанын айтады. Әртүрлі дене жарақатын алған жасөспірімдер Іле ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.
Қанша адам зардап шеккені және олардың арасында қаза тапқандары бар-жоғы әлі белгісіз. Құзырлы ведомство кейінірек болған оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі мәлімет беруге уәде етті.
Әзірге, бар белгісі - Lexus IS жүргізушісі ұсталған.
![Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 22:55](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-6a77ba79-4669-4fd8-a8aa-b8c97a0c9488/800x451.webp)
Сурет: Zakon.kz
![Алматы-Қорғас тас жолы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 22:55](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-29d7378f-16a6-4491-967e-9e86124f852c/800x451.webp)
Сурет: Zakon.kz
![Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 22:55](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-c9d92896-61a8-48af-9946-56fef0fae12c/800x451.webp)
Сурет: Zakon.kz