Алматы маңында жолдан өтіп бара жатқан ер адамды қағып өлтірді

Алматы маңында жолдан өтіп бара жатқан ер адамды қағып өлтірді , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2024 15:45 Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 17 желтоқсанға қараған түні Алматы облысында Алматы-Бішкек тас жолында жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Hyundai Elantra жүргізушісі қаладан облысқа қарай, батыс бағытта жүрді. Жолдың 26-шақырымында белгіленбеген жерден жолға қарай 35-40 жастағы ер адам жүгірген.

Алматы маңында жолдан өтіп бара жатқан ер адамды қағып өлтірді , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2024 15:45

Сурет: Zakon.kz

Өкінішке орай, автокөлік жүргізушісі дер кезінде әрекет ете алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қатты соққыдан ер адам шетке қарай ұшып кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында медициналық қызметкерлер келгенге дейін қайтыс болды.

Алматы маңында жолдан өтіп бара жатқан ер адамды қағып өлтірді , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2024 15:45

Сурет: Zakon.kz

Енді анықтаушылар апаттың барлық жағдайларын және қайтыс болған адамның жеке басын анықтауы керек, өйткені оның жанында ешқандай құжаттар жоқ.

Алматы маңында жолдан өтіп бара жатқан ер адамды қағып өлтірді , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2024 15:45

Сурет: Zakon.kz

Бұған дейін Қостанай облысында жол апатынан екі мұғалім қаза тапқаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: