Қостанай облысында жол апатынан екі мұғалім қаза тапты

Дорожно-транспортное происшествие, ДТП, авария, разбитая машина, разбитый автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2024 11:37 Фото: Zakon.kz
16 желтоқсанда Қостанай облысындағы тас жолдардың бірінде үш адам жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты, олардың екеуі мұғалім, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қостанай облысының білім басқармасы мәлімдеді.

"Қостанай ауданының Заречный мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сондай-ақ Алтынсарин ауданының Больше-Чураков жалпы білім беретін мектебінің педагог–психологы Қостанай–Әулиекөл–Сурған тас жолында апаттан қаза тапты. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз",- деп жазды Алау ведомствоның мәліметіне сүйене отырып.

Қайғылы оқиға 16 желтоқсанда сағат 15:00 шамасында Қарасу ауданы Герцен кентінен 10 км қашықтықта болды. Volvo және Toyota Alphard көліктері соқтығысқан. Нәтижесінде Toyota Alphard-да болған үш адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Зардап шеккендердің тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды.

Бұған дейін Маңғыстау облысында 29 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: