Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
Сурет: ng.kz
16 желтоқсанда Қостанай облысындағы Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тасжолында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Наша газета" басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға сағат 15:00 шамасында Қарасу ауданы Герцено ауылынан 10 шақырым жерде болған. Жол бойында Volvo мен Toyota Alphard соқтығысқан.
Апат салдарынан Toyota Alphard көлігінде болған үш адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен тағы үш адам Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды.
Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript