Жетісуда облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
Сурет: polisia.kz
Жетісу облысы Алакөл ауданында Алматы - Өскемен тасжолының 568-шақырымында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан.
Сурет: polisia.kz
Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Сурет: polisia.kz
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript