Алматыда көлік жол белгісін қағып өтіп, бетон қоршауға соғылды
Сурет: Zakon.kz.
Жол-көлік оқиғасы 2026 жылдың 9 қыркүйегінен 10 қыркүйегіне қараған түні Алматыда орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Hyundai Veloster көлігінің жүргізушісі Ташкент трактісінің бойында келе жатқан.
Жүргізушінің айтуынша, ол бетон қоршаумен бөлінген көрші жолаққа ауыспақ болған. Алайда сол сәтте көліктің рөлі тұрып қалған. Соның салдарынан автомобиль жоғары жылдамдықпен бетон жол бөгетіне соғылып, жол бойындағы белгіні де қағып өткен.
Қатты соққыдан бетон қоршау орнынан жылжып кеткен. Жүргізуші бірден ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері апат болған аумақты қоршауға алған.
2026 жылғы 10 қыркүйекке қараған түні Алматыда таксидің қатысуымен тағы бір ауыр жол апаты болды. Соқтығыс салдарынан екі көлік жүргізушісі мен такси жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript




