Ақтөбе – Астрахан тас жолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, алты адам қаза тапты

Жол апаты, Ақтөбе – Астрахан, тас жол, жеңіл көлік, бетпе-бет соқтығысу, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 19:21 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында тас жолда ауыр жол апаты орын алды. Екі жеңіл көліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 3 қыркүйекте өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған қайғылы жағдай Ақтөбе – Астрахан тас жолының 94-шақырымында, Мұғалжар ауданына қарасты Қандыағаш қаласы маңында орын алғанын нақтылады.

Toyota Camry маркалы екі автокөлік бетпе-бет соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, көлік салонындағы адамдардың барлығы жан тапсырған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам оқиға орнында көз жұмды.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.

Бұған дейін Алматыда жаппай жол апаты болып, көлік кептелісі орын алғаны хабарланған. Бұл ретте жүк көлігі кесірінен алты автокөлік бүлінген: Toyota Estima, Kia Cerato, Chevrolet Cobalt, Hyundai Elantra, Exeed және Geely.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: