Түркістан облысында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, алты адам қаза тапты

Жол апаты, Түркістан облысы, Ауди, алты адам, қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 17:44 Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
2025 жылдың 3 ақпанында Түркістан облысының Кентау-Түркістан тас жолының 5-шақырымында "Ауди" маркалы екі бірдей көліктің қатысуымен жол апаты орын алып, соңынан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіл көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып екіншісімен бетпе-бет соқтығысқан.

"Апат салдарынан алты адам қаза тауып, төрт адам түрлі дене жарақаттарымен Кентау қаласының медициналық мекемесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесімен процестік шешім қабылданатын болады", деп нақтылайды полициядан.

Түркістан облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады.

Бұған дейін Қарағанды облысында полиция мас күйде көлік жүргізген шетел азаматын ұстағаны хабарланған.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: