Өскемен – Алматы тас жолында екі көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 18:39 Сурет: polisia.kz
8 тамызда сағат 09:00 шамасында Өскемен-Алматы тас жолының 11 шақырымында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қалбатау ауылынан Өскеменге бағыт алған Mercedes көлігінің жүргізушісі қауіпсіздік ережелерін елемеген. Арақашықтық пен жылдамдық режимін сақтамаған ол КАМАЗ көлігіне соғылған.

"Соқтығысу салдарынан зардап шеккен көлік жүргізушісі мен екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", делінген хабарламада.

Mercedes жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, оған сәйкес көлік иесіне 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: