Алматы – Өскемен тас жолында бес көлік жаппай жол апатына ұшырады

Жаппай жол апаты, Алматы – Өскемен тас жолы , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2024 19:57 Сурет: видеодан алынды
28 маусымда Алматы-Өскемен тас жолының 42 шақырымында жаппай жол апаты орын алды. Бес көлік зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат салдарынан Lada Granta көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді.

"Аймақ полициясы жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға, ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға және рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауға шақырады. Автокөлікті басқару кезінде жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен қауіпсіздігі өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Видеода бір көліктің мыжылып қалғанын көруге болады.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: