Өскемен – Риддер тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты

Жол апаты,  Өскемен – Риддер, бес адам, қаза тапты, ЗИЛ, Toyota Estima, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 21:45 Сурет: видеодан алынды
4 қарашада Өскемен – Риддер тас жолының 48-шақырымында ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima соқтығысып, салдарынан бес адам жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тағы бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.


"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты рұқсат етілген шамадан асырмауды, ауа райы жағдайларын және техникалық қауіпсіздік талаптарын ескеруге шақырады". ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Үмітов Арман

Бұған дейін Атырау – Орал тас жолында болған жол апатынан екі баланың қаза тапқаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: