Атырау облысында жол апаты орын алып, 4 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2023 15:50 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
20 мамыр Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 133 шақырымында Toyota Ipsum көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, салдарынан Toyota өртеніп кеткен, жүргізушісі мен 3 жолаушысы қаза тапқан.

Екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Тергеп-тексеру басталды.


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


"Қаза тапқандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге тек Өзбекстан елінің азаматтары екендігі ғана белгілі. Toyota көлігінің жүргізушісіне жыл басынан бері 10 хаттама толтырылған. 8 хаттама жол қозғалысы кезінде жылдамдықты шамадан тыс асырғаны және екі хаттама қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін толтырылғаны белгілі болды", - деді Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының командирі Әділбек Шахметов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: