ҚМА есірткі тарату арнасын жою барысынан кадрлар көрсетті

Сурет: Telegram/afm_rk
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Қостанай облысы бойынша департаменті прокуратураның келісуімен әлеуметтік желілер арқылы есірткі сату арнасын жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілер 2024 жылдың мамырынан бастап "Thс Seller" атауымен Telegram-арнасында интернет-дүкен ұйымдастырып, есірткі заттарын сатқан. Төлемдер қолма-қол ақша және криптовалюта арқылы қабылданған.

Тінту барысында 30 келіден астам марихуана мен гашиш, ұялы телефондар және 5 банк картасы тәркіленді.

Анықталғандай, интернет-дүкеннің 2 мыңнан астам тұтынушысы болған, және 100 миллион теңгеден астам сомаға 5 мыңнан астам есірткі саудасы жүргізілген.

Қылмыстық жолмен келген табысты жасыру мақсатында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы дроптарды – яғни жалған тұлғаларды – тартқан. Бұл тұлғалар атына банк карталары рәсімделіп, сол карталар арқылы ірі көлемдегі ақшалай қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Есірткі тасымалы үшін күдіктілер қылмыстық табыстың есебінен 2 автокөлік пен мотоцикл сатып алып, оларды сенімді адамдардың атына тіркеген.

Сот санкциясымен бұл көлік құралдарына тыйым салынды.

Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты