Сары қызғалдақтар: Ақтөбе облысындағы әкімдердің бірі жанжалдың дәп ортасына ілікті

Фото: Zakon.kz
Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ басшысы Ләззат Бердібаева қызғалдақ букетімен түскен суретінен кейін жанжалдың дәп ортасына ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"КТК" ақпаратынша, шенеунік гүлдермен түскен суретін желіге жүктеген.

Мұны көрген интернет пайдаланушылары билік өкілінен Үкіметпен қорғалатын гүлдерді неге жұлып алғанын түсіндіруді талап етті. Шенеунік қызғалдақтарды табиғаттағы демалыс кезінде қыздарының бергенін, онда жұлуға болмайтындығы туралы белгі болмағанын алға тартты.

Полицияның айтуынша, әкімнің гүлдерді жеке өзі жұлып алғаны туралы тікелей дәлел жоқ.

"Мұғалжар аудандық полиция бөлімі тексеру жүргізуде. Қабылданған шешім туралы кейінірек хабарлаймыз", – деді облыстық полиция департаменті.

Бұған дейін Қарағанды облысында фермер мен ветеринардың 339 млн теңге жымқырғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін