Қарағанды облысында фермер мен ветеринар 339 млн жымқырған

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2025 09:41 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қарағандыда облысында шаруа қожалығының басшысы мен жергілікті ветеринар дәрігер жалған мәліметтер келтіріп, 339 миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK мәліметіне сүйенсек, сот шешімімен екеуі 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Белгілі болғандай, қағаз жүзінде ғана бар "Диас" шаруа қожалығы иесі мен ветеринар "сансыз сиыр бар, сауып, сүтін өңдеп отырмыз" деген құжаттар әзірлеген. Осының негізінде мелекеттен субсидия алады. Шын мәнінде тек қора‑қопсысы бар қожалықта тышқақ лақ та болмаған.

Субсидия ретінде алынған қаражаттың бір бөлігіне 60 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып ет өндірісіне деп, бюджеттен тағы 9 миллион теңге субсидия алыпты. Енді олар түрмеге тоғытылып қана қоймай, мемлекетке келтірген шығынды толық қайтаруы керек.

Бұған дейін Оралда қараусыз қалған тұрғын үйде құрылыс арқалығы құлап, адамды басып қалғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: