Ақтөбе облысында қозғалтқыш сатып алмақ болған фермер алаяқтың құрығына түсті

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2026 19:53 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде 64 жастағы шаруа қожалығының басшысы Ford көлігіне арналған қозғалтқыш сатылады деген хабарландыруды тауып, алаяқтың арбауына түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, алдын ала хабарласып келіскеннен кейін сатып алушы мен сатушы кездесіп, мәміленің шарттарын талқылаған. Фермер 210 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған, ал қалған соманы қозғалтқышты алғаннан кейін төлеуге уағдаласқан.

Алайда ақша алғаннан кейін "сатушы" байланысқа шықпай қойған. Зардап шеккен азамат полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

"Аталған алаяқтық дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді", – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Бұған дейін Қазақстан шекарасында малды заңсыз әкету әрекеті тоқтатылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: