Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында мемлекет қаражатын жымқырған кәсіпкер сотталды

Қызылорда облысының прокуратурасы, жемқорлық, мемлекеттік бюджет, мемлекет қаражаты, кәсіпкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 11:51 Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысында сот шешімімен күріш жеткізуге келісім-шарт алған жергілікті ЖШС директоры жымқырған 101 миллион теңге мемлекетке қайтарылып, кәсіпкерге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы прокуратурасының мәліметінше, қадағалаушы орган "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ қызметіне тексеру жүргізді. Тексеру барысында сонау 2018 жылы ӘКК-нің еншілес ұйымы "Агро Холдинг "Байқоңыр" ЖШС "Мега Агро" ЖШС-дан 2400 тонна күріш астығын 120 млн теңгеге сатып алу туралы  келісім-шарт жасағаны анықталды. Қаражат толық көлемде аударылған.

Айта кетерлігі, сол мерзімде "Агро Холдинг "Байқоңыр" ЖШС-ның да, "Мега Агро" ЖШС-ның да басшысы Манарбек Еспанов болған. Қаражат толық көлемде аударылған. Өз кезегінде Жеткізуші өз міндеттерін толық орындамай, 101 млн теңге мемлекет қаражатын бас пайдасына шығындаған.

"Манарбек Еспанов мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам бола тұра, өзіне тиесілі "Мега Агро" ЖШС арқылы бюджет қаржысын жымқыру мақсатында аффилирленген шарт жасаған".Қызылорда облысының прокуратурасы

Бұл факт бойынша облыс прокуратурасы 2022 жылы ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тіркеді. Тергеу барысында Еспановқа қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, оның әрекеті ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағымен қайта сараланып, ол кінәсін толық көлемде мойындады, қылмыстық іс сотқа жолданды. Сот Еспановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы тағайындады.

"Мемлекетке келтірілген 101 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өндірілді".Қызылорда облысының прокуратурасы

Алматы жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Ол инвестициялық жобаларды іске асыру сылтауымен жеке тұлғаларға мемлекеттік жер қорынан жер учаскелерін төмен бағамен заңсыз иемденуге жәрдемдесті деп күдіктелуде.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: