Атырау облысында жас дзюдошы суға батып кетті

Сурет: unsplash
Атырауда құтқарушылар балық аулау кезінде моторлы қайықтан құлап, суға батып кеткен 17 жастағы жігіттің денесін іздестіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Atyrau Online басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 3 мамырда кешкісін Атырау қаласының Еркінқала ауылында болған.

Балық аулау кезінде 17 жастағы жігіт моторлы қайықтан құлап кетіп, өзенге батқан. Атырау облысы ТЖД іздестіру-құтқару операциясына 19 құтқарушы, 5 бірлік техника және 6 жүзу құралы тартылғанын хабарлады. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері де жұмылдырылған.

"Суға батқан 2007 жылғы жасөспірім дзюдомен айналысады, жарыстарда үздік нәтижелер көрсетіп, өңірдің спорт саласы үкіліп отырған жастың бірі екені белгілі", - деп жазады басылым.

Бұған дейін Павлодар облысында Тереңкөл ауданында суға секіріп кеткен адамды 10 күннен кейін іздеуді тоқтату туралы шешім қабылданғанын жазғанбыз. 

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты