10 күнге созылды: Павлодар облысында суға секірген адамды іздеу уақытша тоқтатылды

Павлодар облысында суға секірген адамды іздеу уақытша тоқтатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 18:22 Сурет: Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Павлодар облысы Тереңкөл ауданында суға секірген адамды іздеу уақытша тоқтатылды. Іздестіру жұмыстары 10 күнге созылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы уақыт ішінде Тереңкөл ауданының Береговое ауылында жұмыстар екі бағытта жүргізілген. Құтқарушылар эхолоттарды пайдалана отырып, Ертіс өзенінің түбіне тексеру жүргізді, ұзындығы шамамен 240 шақырым жағалау (119,5 шақырым ағыс бойынша жоғары, 119,5 шақырым ағыс бойынша төмен) тексерілді. Сондай-ақ Абай облысының құтқарушылары жұмылдырылды.

"Тексеру кезінде аралдарға, таяз жерлерге, шөгінділерге, суға құлаған ағаштарға ерекше назар аударылды. 43 сүңгуірлік жұмыс жүргізіліп, 3 800 шаршы метрден астам аумақ зерттелді, - деп хабарлады департамент. 

Қатты ағын су мен табиғатты қорғау мақсатында жіберіліп жатқан су арнасының көтерілуі, өзен түбінде нөлдік көріну іздеу жұмыстарын қиындатты. Осыған байланысты іздеу шаралары уақытша тоқтатылды, кейін қайта жалғасын табады.

Еске салайық, 12 сәуірге қараған түні демалушылардың бірі жағаға байланған баржадан суға секіріп, кейін су бетіне шықпағаны туралы хабарлама  түскен. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір топ азамат балық аулап, ішімдік ішкен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: