Павлодар облысында демалыс үйінің терезесінен бала құлап кетті

Ребенок у окна, дети у окна, окно, падение из окна, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2025 19:31 Фото: unsplash
Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы демалыс үйінде баланың құлауына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Баянауыл ауданындағы демалыс үйінің екінші қабатындағы терезеден баланың құлау фактісі бойынша қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету дерегіне қатысты  қылмыстық іс қозғады.  

"Қыз бала орындықтың көмегімен көтеріліп, терезенің москит торына сүйенген. Сол сәтте бөлмеде анасы тазалық жұмыстарымен айналысып жүрген. Қыз бала жарақат алып, ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департамент.

Ведомствода ашық терезесі немесе балконы бар бөлмеде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау жайлы қатаң түрде ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: