Теміржол бойындағы мәйіт: полиция күдіктіні құрықтады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы 2025 жылдың 8 мамырында облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, 7 мамырда кешке Қайрат – Байсерке теміржол аралығында (Сарыөзек-Алматы учаскесі) жүк пойызы бөгде адамның темір жолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеуді басуға мәжбүр болған. Құрам 20:52-де тоқтады, ал оқиға орнында ер адамның денесі табылған болатын.

"Материал Алматы облысы Іле ауданының ПБ берілді",- деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі.

Өз кезегінде, аймақ полициясы бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша" ізін суытпай 49 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Полиция ақпаратына сүйенсек, қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қазақстан
Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады