Алматы маңындағы теміржол бойында мәйіт табылды

2025 жылғы 7 мамырда кешке Қайрат – Байсерке аралығында (Сарыөзек-Алматы учаскесі) жүк пойызы бөгде адамның темір жолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеуді басуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ-ның мәліметіне сүйенсек, пойыз сағат 20:52-де тоқтаған. Оқиға орнында жансыз адамның денесі табылды. Пойыз қажетті процедуралар аяқталғанға дейін тоқтатылды.
Оқиға орнына полиция келіп, тергеу жүргізілуде.
Бұған дейін Маңғыстау облысында көшеден тастанды шақалақ табылғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript