Алматы облысында ер адам темір жолды кесіп өтіп, жүк пойызына тас лақтырған
Сурет: видео скрині
13 мамырда Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына жүк пойызының машинисі темір жолда адамның болуына байланысты транспортты шұғыл тоқтатқанын хабарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Пойыз 7 минут тұрып қалған.
Сонымен қатар құқықбұзушы Шамалған станциясының өткелінен өтіп бара жатып жүк пойызына тас лақтырып, кейін қашып кеткен.
Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын анықталды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушлық туралы кодексінің 559-бабы 5-бөлігі мен 434-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.
Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы облысы Қарасай аудандық сотына жолданды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript