Алматы облысындағы тас жолда жүк көлігі отқа оранды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 23:37 Сурет: видео скрині
Алматы облысында тас жолда жүк көлігі отқа оранды. Жүргізушіге полицейлер көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға, 28 қараша күні Алматы-Өскемен тас жолының 24-шақырымында болған.

Көліктің қозғалтқыш бөлігінен жалын шыққанын көрген потрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүк көлігінің жүргізушісіне дауыс шығару құрылғысы арқылы тоқтауын талап еткен.

Жүргізуші жалынды көргенде қатты таң қалған. Айтуынша, көліктің отқа оранғанын мүлдем байқамай, жүре берген.

Полицейлер ер адамға өрт сөндіру құрылғысымен жалынды ауыздықтауға жәрдем беріп, көлікті техникалық қызмет көрсету станциясына жеткізуге көмектескен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: