Ақмола облысында ағаш тиеген жүк көлігі отқа оранды

Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 20:53 Сурет: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
29 сәуірде кешке Ақмола облысында тас жолда ауыр жүк көлігі отқа оранды. Куәгерлер құтқарушыларға Петропавл–Нұр-Сұлтан тас жолының 224 шақырымында ағаш материалдарды тиеген жүк көлігінің өртеніп жатқаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД хабарлағандай, шұғыл шақырту бойынша оқиға орнына жеке құрамның 10 адамы мен екі техникасы аттанды. Бір сағат ішінде ағаш тиеген жүк көлігінің тіркемесіндегі өрт сөндірілді.

Сурет: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өрт сағат 18:38-де ауыздықталып, 19:10-да толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сурет: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: