Маңғыстау облысында көшеден тастанды шақалақ табылды

Маңғыстау облысында көшеден тастанды шақалақ табылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2025 15:28 Сурет: pixabay
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылында тұрғын үйлердің бірінің терезесінің жанынан жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz ақпаратына сүйенсек, оқиға 5 мамырда таңғы сағат 09:30 шамасында орын алған. Сәбиді алғаш болып жергілікті тұрғын байқап, дереу жедел қызметтерге хабар берген.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаны растады. Қазіргі уақытта баланың анасын анықтау және оның қайда екенін табу үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нәресте перзентханаға жеткізілді, қазіргі таңда оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция осы оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды жақын маңдағы бөлімшеге жүгінуге немесе сенім телефонына хабарласуға шақырады.

Бұған дейін Алматыдан 500 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: