Теміржол – жайылым емес: Қазақстанда мал иелері жауапқа тартылып жатыр

Теміржол – жайылым емес: Қазақстанда мал иелері жауапқа тартылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 21:33 Сурет: polisia.kz
Қазақстанда биыл темір жол бойында 893 рет пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Оның 660-нан астамы жолда жүрген малдың кесірінен болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның хабарлауынша, бұл – тек малдың мерт болуына емес, жолаушылардың өміріне қауіп, поезд қозғалысының бұзылуы және экономикалық шығын деген сөз.

Кейінгі тәуліктің өзінде Ақмола, Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында пойыз жылқыны қағып кеткен, Қызылорда мен Алматы облыстарында ірі қарамен жүк пойызының соқтығысуы тіркелген.

Барлық жағдайда мал иелері анықталып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

"Теміржол — аса қауіпті аймақ. Оның маңында мал жаюға заңмен тыйым салынған. Мұндай әрекет қайғылы оқиғаларға себеп болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Көлік полицейлері мал иелеріне жайылым тәртібін қатаң сақтауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: